1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны - 19 715 182 адам.
Қалалықтар – 12 169,1 мың. Ауылдықтар – 7 546,1 мың.
Халықтың 48,8 пайызы – ерлер, 51,2 пайызы – әйелдер.
2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 212 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті.
2022 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (222,3 мың адам) 0,6%-ға кеміп, 221 мың адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-қазанда 333,1 мың сәби дүниеге келді, бұл – 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,4%-ға аз (375,9 мың адам).
1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті – 20,37.
Қарастырылып отырған кезеңде 112,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар- қазанға қарағанда 27%-ға аз (153,6 мың адам).
Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға – 6,86 қайтыс болған.
2022 жылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2 684 нәресте тіркелді және 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (3 020 шетінеген нәресте) 11,1%-ға кеміді.
Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда – 8,06 оқиға.