Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ жігіті Санкт-Петербургте суға батқан автобус жолаушыларын ажалдан арашалап қалды

11 мамыр 2024 2288

Қазақстанның тумасы Ерхан Аханов Санкт-Петербург қаласында көпірден құлап, суға батып кеткен автобус жолаушыларына көмек көрсеткен. Бұл жайлы шетел бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Fontanka.ru порталына сілтеме көрсетіп отырып.

Қазақстанда туған Ерхан Аханов 10 мамыр күні түстен кейін жұмыстан қайтып келе жатқан кезде сынған қоршау мен батып бара жатқан автобусты көрген.Ол бірден суға сүңгімек болған.Алайда басқа куәгерлер оны бұл ойынан бас тартуға көндірген. Кейін Ержан көлікке барып, багаждан тросс алған. Оны қоршауға байлаған. Алдымен тросс алқылы дағыстандық суға түскен. 

"Жігіттер люкті ашып, әйелді шығарып алуға әрекеттене бастады, мен оған алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жүрек массажын жасай бастадым. Су сыртқа шыққанда әйел тұншығып қалды. Мен оны бүйірлетін, қайтадан жүрек массажын жасай бастадым. Балалардың бірі көмектеске келді, кеудесін басып, жасанды тыныс алғыза бастады", - деді ол.

Тұрғындар тағы бір жолаушыны шығарып ала алған, Бірақ өзге жолаушыларды құтқару мүмкін болмаған. Арнайы құралдардың болмауы, әйнекті сындыратын ештеңенің табылмауы да аяққа тұсау болған. 

Ерхан Ахановтың өзінің бұл әрекетін ерлік деп санамайды.

Ол Қазақстанда дүниеге келген, бірақ соңғы үш жыл Санкт-Петербургте тұрады. Онда көлік жүргізуші болып жұмыс істейді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?