Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Боранбаевтың мемлекетке өткен қонақүйі сатылымға шықты

11:02, 18 наурыз 2024 385

Елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қайрат Боранбаевтың «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін аукционға шығарды.

Қонақүй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Кешеннің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарнасы 587,9 миллион теңгеге тең.

Аукцион 27 наурызда өтеді. Аукцион шарттарына сәйкес, жаңа қонақ үй иесі мүлікті қонақүй бизнесін жүргізу үшін қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануы керек. Сондай-ақ жаңа қожайынның Қазақстандағы қонақүйлерді басқару саласында кемінде 7 жыл тәжірибесі болуы шарт.

Еске салайық, 2023 жылдың қазанында Қайрат Боранбаев құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өткізген, Артынша  Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қонақүйдің елорда әкімдігінің меншігіне берілетінін мәлімдеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар