Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Аллаға шүкір! Құттықтап қойыңыздар”: Гүлзира Айдарбекова ел естімеген сүйінші жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

11:40, 05 қаңтар 2026

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Өнер иесінің екінші келіні Әйгерім үшінші сәбиін дүниеге әкелді.

"Біздің ыстық ұямыздың нұры, қаншама қайғымның орнын жүрек жылуымен, күннің шуағындай шуағымен толтырған, бүкіл әулетіміздің ақ батасын алған, атасын ерекше құрмет тұтқан адал келінім Айгера келініміз дәл қазір бір Ханшайымды өмірге алып келді. Өмірімнің бір бөлігі құрметті менің оқырмандарым: Көп тілеуі көл деген, өмір есігін қазір ғана ашқан немеремізге жүрек жарды дұға, тілек күтемін өздеріңізден! Қатты жақсы көремін деуге де қорқамын, Алла көп көрмесін, көз тимесін! Атасын да осында қосып қояйын, атасының жеке келінін құттықтап қойыңыздар! Аллаға сансыз шүкірлер, биыл үш ұлымыздан да немере сүйдіріп, жанымызды шуаққа бөлеген. Баланың санын айтпайды дейді, шүкір, шүкір, Аллаға шүкір!", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар