Кеше, 2 тамын күні, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго президенті Дени Сассу-Нгессо бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізіп, екі тараптың бірқатар ұсыныстарын жария етті, деп хабарлады Ақорда.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоқаев Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманитарлық байланыс орнату өте маңызды деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсынғанын мәлімдеді.Сонымен қатар Тоқаев Конго басшысының орман өсірудің және орманды қалпына келтірудің жаһандық онжылдығын жариялау туралы бастамасына қолдау білдірген.