Неміс футболшысы Себастьян Хертнер Черногориядағы тау шаңғысы курортында қаза тапты, деп жазды Alash.kz.
Көтергіш жүйесінде қарама-қарсы келе жатқан екі орындық соқтығысып, апат болған. Салдарынан футболшы шамамен 70 метр биіктіктен құлап кеткен. Ол алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Марқұмның жұбайы орындыққа қысылып қалып, түрлі дене жарақатын алған. Құтқарушылар оны дер кезінде құтқарып, медициналық көмек көрсетті.
Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда Савин-Кук (Дурмитор) шыңында болған.