Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар» - ІІМ өкілдері маңызды мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

09:40, 14 қаңтар 2026

Ішкі істер министрлігі жүргізген ауқымды операция нәтижесінде заңсыз айналымда жүрген жүздеген қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіленді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Тәркіленген дүниелердің арасында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қарулар да бар екені анықталды.

Республика көлемінде 9-12 қаңтар аралығында өткен «Қару» іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 340 бірлік қару мен 2 мыңнан астам оқ-дәріні қолға түсірді. Бұған қоса, заңсыз айналымнан 10 жарылғыш құрылғы алынды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл жабдықтардың бірқатары бұрын жоғалған немесе жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған.

ІІМ өкілдері азаматтарға заңсыз сақталған қаруды өз еркімен өткізудің маңыздылығын тағы да ескертті. Мұндай қадамға барған тұрғындар заң алдындағы жауапкершіліктен босатылады. Министрлік жұртшылықты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар