Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Сүйінші! Отбасы банк салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы түсе бастады.
Максималды сыйлықақы сомасы – 157 280 теңге.Мемлекеттік сыйлықақының түсуіне байланысты, қосымшада техникалық ақаулар болуы мүмкін.
Кімге әлі түспеді, 1 наурызға дейін түседі. Күтіңіздер! Ps: түскен сыйақы мен сыйлықақыны шатастырып алмаңыздар.
Сыйақы (вознаграждение) – банк берген ақшасы.
Сыйлықақы (премия) – Мемлекет ақшасы”,- деп жазды Дәулет Мұқаев.