Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Ақтауда бір аптадан бері хабарсыз кеткен 38 жастағы ер адам іздестірілуде

15:57, 02 наурыз 2026

Ақтауда бір аптадан бері хабарсыз кеткен 38 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Lada.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Таныстарының мәліметінше, Андрей Сотниченко 12-шағынауданда жалғыз тұрады. Көршілері оны бір апта бойы көрмеген, сондай-ақ оларды терезелердің айқара ашық тұрғаны алаңдатқан.

Осыған байланысты құтқарушылар мен полиция қызметкерлері шақырылды. Пәтердің есігі ашылғанымен, ішінде иесі болмаған.

"Әдетте оның дүкенге барып жүргені көрінетін, үйіне адамдар келіп-кетіп жататын. Ал бұл жолы бір аптадан аса тыныш болып қалды, терезелері екі жағынан ашық тұр. Он минутқа шығып, пәтерді желдетуге қалдырғандай көрінеді. Мұнда оның туыстары жоқ, әпкесі Астраханда тұрады, ол да алаңдап отыр", – деді таныстарының бірі.

Жоғалған ер адамның шашы ашық түсті, бойы шамамен 170 сантиметр. Оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар +7 705 144 2541 (Юлия) нөміріне хабарласа алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар