Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қанішерден қашып құтыла алмаған”: 21 жасар Нұрайдың соңғы сәттері жария болды (ВИДЕО)

19:03, 16 қаңтар 2026

Шымкентте осыдан бір апта бұрын орын алған қайғылы оқиғаға қатысты қаза тапқан 20 жастағы Нұрайдың өмірінің соңғы сәттері бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бейнежазбада бойжеткеннің өзіне соңынан еріп қалмай қойған адамнан қашып құтылуға тырысқаны байқалады. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық істі тергеу жұмыстары Ішкі істер министрлігінің тікелей қадағалауына алынды.

Сонымен қатар құзырлы орган Шымкент полициясының оқиға кезінде дер кезінде әрекет етпегені туралы шағымдарға байланысты арнайы қызметтік тексеріс тағайындады. Өмірден ерте кеткен бойжеткен шығармашылықпен айналысқан өнерлі жан болған. Бұл жағдай қоғамда жас қыздардың қауіпсіздігі мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қайтадан өзекті етіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар