Құқық қорғаушылар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін қылмыстық істерді тергеуден шеттетуді сұрап отыр.
Ақиқат комиссиясының мүшесі, заңгер Гүлайым Сыдықова қазір ҰҚК-де салғырттыққа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр деген ақпарат жоқ деп есептейді.
– Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушылары – ҰҚК мен полиция. Бөлім қызметкерлерінің ғимараттарын тастап кетуіне байланысты, қызметтеріндегі салғырттыққа қатысты ақпарат жоқ. Олар жоғарыдан берілген осындай бұйрықты орындамауы керек еді. Өйткені бұл мемлекеттік опасыздықпен тең. Олар ант қабылдады. Әлеуметтік желілерде қамаудағыларға қатысты азаптаулар қолданылып жатқаны туралы ақпарат белсенді түрде таралуда. Күдіктілерді полицейлер азаптап жатқаны туралы ақпарат бар. Олар тікелей: «Менің әріптесім сенің кесіріңнен қайтыс болды» дейді. Осыған байланысты полиция да тергеу жүргізбеуі керек, – дейді заңгер әрі комиссия мүшесі Гүлайым Сыдықова.
Құқық қорғаушы Айман Умарова Алматыдағы тәртіпсіздіктерге Қытай, Өзбекстан және Сауд Арабиясының тумалары қатысқанын айтты.
– Менің ойымша, ведомствоаралық жедел-тергеу тобының істері бойынша басқа елдерден де қатысушылар бар. Қатысушылардың көпшілігі Түркістан және Алматы облыстарында тұрды. Олар сонда тұрақты тұрды ма, жоқ па, білмеймін. Үшінші орында Жамбыл облысы. Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, тағы басқа қалалардан бір-үш адам бар. Қаңтар оқиғасына негізінен қазақтар мен ұйғырлар қатысты. Көбісінің туған жері Қазақстан деп көрсетілген. Бірақ мен қамаудағылардың ата-анасының туған жерін көрсетуді сұрадым, – деді Айман Умарова.
Адвокат Айман Умарова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жүргізіп жатқан 225 қылмыстық істі тергеуге рұқсат беруді сұрады.
Дереккөз