Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қалыңдығы кім? Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы үйленгелі жатыр – БАҚ

16:01, 13 қыркүйек 2026

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман Назарбаев үйленгелі жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Ulysmedia.kz дереккөздерінің айтуынша, Тауман Назарбаевтың үйлену тойы The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде өтуге тиіс.

Қалыңдығы - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұрынғы орынбасары Әділбек Сәрсембаевтың қызы.

«Тойға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қонақүй маңындағы аумақты бір күн бұрыннан қоршай бастаған», – дейді басылым дереккөздері.

Қонақтар тізімі күйеу жігіттің тегіне сай болуы ықтимал. Тойға саясаткерлер, ірі кәсіпкерлер және Нұрсұлтан Назарбаев президент болған кезеңде ықпал болған элита өкілдері шақырылған.

Тауман 2005 жылы дүниеге келген. Оның анасы – Әсел Исаева, сондай-ақ. Әсел Құрманбаева деген атпен белгілі. Ол 1999 жылы «Қазақстан аруы» атағын иеленген.

Қазір Тауман 21 жаста. Ұзақ уақыт бойы Қазақстанның тұңғыш президентінің екінші отбасы туралы ашық айтылмады. Тек түрлі қауесет тарап, оны кейбір БАҚ та жазып жүрді.

Назарбаев бұл туралы тек 2023 жылы жарық көрген «Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа» атты естелік кітабында айтқан. Ол Әселмен мұсылман дәстүрі бойынша некелескенін жазды. Бұл некеден екі ұл дүниеге келген: Тауман – 2005 жылы, Байкен – 2008 жылы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар