Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үздік үштікке енді: Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-Придің күміс жүлдесіне ие болды

12:19, 13 қыркүйек 2026

Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-Придің күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, ересектер арасындағы әлем чемпионатында өзінің жақсы қырынан көрсете білген Ақмарал Ерекешева Grand Prix BRNO жарысының көпсайысында үздік үштікке енді.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз өз мансабындағы жеке рекордын жаңартып, 116.500 (Франкфурттағы әлем чемпионатында 115.800 ұпай) ұпай жинады.

1 орын - Таисия Онофрийчук (Украина) - 117.900 ұпай

2 орын - Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 116.500 ұпай

3 орын - Лилиана Левинска (Польша) - 108.250 ұпай

Аталмыш дода 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Енді спортшымыз төрт бағдарлама бойынша жекелей сайыстың финалында өнер көрсетіп, жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында бақ сынайды.

Аичи-Нагоядағы көркем гимнастиканың бәсекесі 1-3 қазанға жоспарланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар