Қостанайды 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза тапты. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап,
Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті ұсталды.
«Кенеттен жанжал туындаған. Күдікті жасөспірімге пышақ жарақатын салған. Оның мас күйде болғаны анықталды», - делінген Полиция департаментінің ресми жауабында.
Тергеу барысы Қостанай қаласы полиция департаменті мен прокуратура басшылығының бақылауында.