Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин украиндарды көшіру туралы жарлық шығарып, халықаралық құқықты бұзды

12:37, 22 наурыз 2025 380

Украина СІМ-і Путиннің украиндарды көшіру туралы жарлығының заңды белшесінен басып, үш халықаралық құқықтық құжатқа қайшы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Украина СІМ спикері Джордж Тихийдің айтуынша, Женева конвенциясының 47 және 49 баптары бұзылған. 

Оның айтуынша, Путиннің Жарлығы құрлықтағы соғыстың заңдары мен әдет-ғұрыптары туралы конвенцияны және БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын бұзады.

Еске сала кетейік, 20 наурызда Владимир Путин Ресейдегі украиндықтарды "заңды негіздерсіз" елден кетуге немесе "өзінің құқықтық жағдайын реттеуге" міндеттеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар