Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин мен Зеленский кездесе ме? – Кремль Зеленскийдің ұсынысына жауап берді

21:00, 13 қыркүйек 2026

Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммиті аясында кездесуі мүмкін емес деп мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

«Бұл мүмкін емес», – деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Оның айтуынша, Путин мен Зеленскийдің кездесуі тек Мәскеуде өтуі мүмкін.

Бұған дейін Владимир Зеленский G20 саммиті аясында Ресей президентімен жеке кездесуге дайын екенін айтқан болатын.

Биылғы G20 саммиті 14-15 желтоқсанда Майами қаласында өтеді деп жоспарланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар