Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы үйленгелі жатыр – Назарбаев кіммен құда болды

18:54, 13 қыркүйек 2026

Нұрсұлтан Назарбаевтың әулеті тағы бір әулетпен құда болғалы отыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның 21 жастағы үлкен ұлы Тауман шаңырақ көтергелі жатыр.

Қалыңдығы - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұрынғы орынбасары Әділбек Сәрсембаевтың қызы.

Ulysmedia.kz Назарбаевтың болашақ құдасы кім екенін анықтап көрді.

Әділбек Сәрсембаев 48 жаста. Ол Целиноградта, қазіргі Астанада дүниеге келген. Мамандығы - заңгер, саяси ғылымдар кандидаты.

Сәрсембаев мемлекеттік қызметке жастай келген. Елорда әкімдігінде еңбек етіп, 2006 жылы Президент Әкімшілігіне ауысып, бас инспектор қызметін атқарған.

Кейін Петропавлға барып, қала әкімінің бірінші орынбасары болды. Одан соң Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2010 жылы Сәрсембаев қорғаныс өнеркәсібімен байланысты «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясына жұмысқа орналасты. Бірнеше жыл ішінде басқарушы директор қызметінен басқарма төрағасының орынбасарына дейін көтерілді.

Кейін Астанаға қайта оралды. Табиғи ресурстар басқармасын басқарды, төрт жыл «Алматы» ауданының әкімі болды.

2020 жылғы мамырда бұрын өзі жұмыс істеген «Қазақстан инжинирингке» қайта келіп, бұл жолы бірден компания басшысы болып тағайындалды.

Арада бір жыл өткен соң Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды. Үкімет құрамында 2022 жылғы тамызға дейін қызмет етті.

Қалыңдық туралы не белгілі?

Әділбек Сәрсембаевтың отбасы туралы ашық дерек көп емес. Дегенмен «Қазақстан инжинирингтің» бұрынғы құжаттарында бірқатар мәлімет сақталған.

Онда бұрынғы вице-министрдің жұбайы ретінде 1980 жылы туған Әлия Иманбаева көрсетілген.

Сол кездегі дерек бойынша, ерлі-зайыптының үш баласы бар: үлкен ұлы Арнұр, қызы Айдана және кіші ұлы Алдияр.

Айдана 2004 жылғы 24 желтоқсанда туған. Ол Тауман Назарбаевпен құрдас, 21 жаста. Тұңғыш президент ұлының қалыңдығы – осы Айдана Сәрсембаева.

Үйлену тойы The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде өтеді деп жоспарланған. Редакция дереккөздерінің мәліметінше, қонақтар қатарында саясаткерлер, ірі кәсіпкерлер және Ескі Қазақстан кезеңінде ықпалды болған тұлғалар болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар