«Жаһандағы ахуалды көріп отырсыздар. Заман күрделі, болашақ бұлыңғыр болып барады. Соған қарамастан, еліміз бейтарап ұстаныммен байсалды сыртқы саясатын жүргізіп келеді. Бұл Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасауда.
Елімізде түбегейлі жаңғыртулар жүзеге асырылып жатыр.
Конституциялық реформа жасалды. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға аса маңызды түзетулер енгізілді.
Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі күшейді. Саяси партиялардың рөлі арта түсті. Конституциялық Сот құрылды. Азаматтарымыз стратегиялық маңызы бар шешімдер қабылдауға белсене араласа бастады.
Бір сөзбен айтсақ, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған тың өзгерістер жасалды. Ең бастысы, халық реформаның игілігін көріп жатыр, өзгерістің әсерін нақты сезініп отыр.
Баршаңызға мәлім, мен биылғы Жолдауымда Парламенттік реформа жасауды ұсындым.
Осыған байланысты көптеген ұсыныс келіп жатыр. Біз оның бәрін мұқият зерделейміз. Бастаманы халық қолдаса, бір палаталы кәсіби Парламентті жасақтаймыз. Осындай қадам мемлекетіміз үшін пайдалы және тиімді боларына күмәнім жоқ».
Президент: «Халық реформаның игілігін көріп жатыр, өзгерістің әсерін нақты сезініп отыр»
«Бірқатар тапсырма берді»: Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады
18:30, 14 қазан 2026
«Жабылып ұрып, оқ жаудырған»: Полиция Алматы облысындағы оқиға туралы мәлімдеді
16:13, 14 қазан 2026
«Шекарадан өткізбейді»: 2027 жылдан бастап шетелдіктер үшін маңызды өзгеріс енеді
15:53, 14 қазан 2026
«Жаңа награда мен құрметті атақ»: Құрылтай депутаттары маңызды заң жобасын қабылдады
15:14, 14 қазан 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: ҚР Президентінің Іс басқармасы Аппаратының басшысы тағайындалды
15:02, 14 қазан 2026
«Мыңдаған азаматтың жеке деректері тарап кеткен»: Депутат қатаң талап қойды (ВИДЕО)
14:44, 14 қазан 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: Атырау облысының Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды
11:18, 14 қазан 2026