Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Польшада ұсталған қазақстандық азамат бостандыққа шықты

11:48, 02 мамыр 2026

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Польша аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматының 28 сәуір күні бостандыққа шыққанын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл нәтижеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан Қазақстан азаматтарының, соның ішінде шетелдегі отандастардың құқықтары мен мүдделерін жүйелі түрде қорғау саясатының арқасында қол жеткізілді.

Сондай-ақ Президент жуырда Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі елдің өзара түсіністік пен конструктивті ынтымақтастық танытқаны үшін алғыс білдірген.

Бұдан бөлек, оң нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Владимир Путинге де ризашылық білдіру орынды екені атап өтілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Кароль Навроцкий мен Дональд Тускке Польша тарапының қалыптасқан жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін алғыс айтып, арнайы хат жолдамақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар