Шығыс Қазақстан облысы, Герасимовка ауылында екі жасөспірімді өз құрдастары ұрып-соғып, қорлағаны түсірілген видео жарияланғаннан кейін жаңа мәліметтер пайда болды. Бұл туралы CMN басылымы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Белгілі болғандай, бұл видео 2023 жылы түсірілген. Алайда барлық қатысушылар анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Бейнежазба жарияланған соң, Герасимовка ауылының тұрғындары бұл оқиғаға, сондай-ақ басқа да көптеген жағдайларға полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, ол ауылдағы мектеп оқушыларынан топ құрып, осылайша тәртіп орнатуға тырысқан.
ШҚО полициясы аталған қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетінін нақтылады.