Бұдан былай "Biz birgemiz" деп ұрандатуға болмайды.
2021 жылы тіркелген "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі жабылатын болды, деп жазады Alash.kz.
"14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда аталған ұйымның мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп танып, мәжбүрлеп таратуды көздейтін талап-арыз берілді.
Сот талабын беруге Қаржылық мониторинг агенттігінің "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін тіркеуді жою рәсіміне бастамашылық жасау туралы хаты негіз болды.
Себебі бірлестік құру кезінде жойылмайтын сипаттағы, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болатын заңнамалық бұзушылықтарға жол берілген", – делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.