Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шектен шықпауға уәде бердім”: Қайрат Нұртастың әйелі ел естімеген шындығын айтты

13:00, 08 желтоқсан 2025

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Өнер иесі жалғыз бауыры шаңырақ көтеріп, жаңа өмірге қадам басқанын айтып, өзі қайын әпке атанғанын қуана жеткізді.

"Бүгін отбасымызда көптен күткен қуаныш. Қайын әпке болдым. Келінімді артық мазаламауға, шексіз жақсы көруге, шектен шықпауға уәде бердім. Бізге маңыздысы тек өздеріңнің баянды бақыттарың. Жақсы жандардың бәрі жанымнан табылды. Ата-анам көптен күткен қуаныш", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары тойға Жұлдыздың енесі Гүлзира Айдарбекова қатыспай, тек атасы Нұртас Айдарбековтің келгенін қызу талқылап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар