Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Отандық спорт саласын сәләфишілдік идеологиядан тазарту өзекті мәселе -ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ

10:48, 09 тамыз 2024 781

Белгілі әлеуметтанушы Талғат Жақиянов олимпиада және дін тақырыбында өзіндік ойын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол өз жазбасын facebook парақшасында жариялады.

Қазақ қоғамы Олимпиадаға қатысқан (әсіресе, күрес пен боксқа қатысты) спортшылардың сақалын, діни лексикасын, мінез-құлқын, жарысқа дейінгі араласқан діни ортасын қызу талқылап кетті. Тіпті, діни бірегейлік мәселесі олимпиада көрсеткішінен де жоғары шығып, спортшының тұлғасын анықтайтын басты өлшем ретінде көрініс береді.

Бұл жағдай, меніңше, екі мәселенің өзектілігін көрсетеді:

1) Қазіргі уақытта Қазақ қоғамы дін ұстанатын спортшылардан ұлттық мінезді көргісі келеді. Әсіресе бүгінгі қазақ халқының қарқынды рухани жаңғыруы аясында дәстүрлі мұсылмандыққа деген сұраныс өте жоғары. Халық мұсылманмын деп жүрген спортшылардан дәстүрлі мұсылмандықтың көріністерін іздейді (сондай мінезді көргісі келетіндердің барлығын тәңіршілдер деп айыптау орынсыз). Егер күтілімдері ақталмаса, ол спортшының алтын немесе күміс алған жетістігі де қоғам үшін маңызды болмайын деп тұр. Олар қанша чемпион болса да, "халықтың сүйіктісіне" айнала алмайды, бүқаралық мойындауға ие болмайды. Мұндай әлеуметтік қысымды спортшылар алдағы уақытта ерекше сезінетін болады.

2) Отандық спорт саласын сәләфишілдік идеологиядан тазарту қажеттілігі - күн тәртібінде күйіп тұрған өзекті мәселе. Спортшыларды қызу талқылауға негіз болған себеп қоғамның осы мәселені біліп, көріп, алаңдап жүргендігімен байланысты.

Осыған орай 2 міндет айқындалады:

1) дәстүрлі мұсылмандықтың тұғырын күшейту


2) спорт саласына дін тұрғысынан ревизия жасау,- деді ол өз жазбасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар