Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ресей Президенті Владимир Путиннің ресми іссапары аясында жүзеге асқан кеоіссқздер туралы айтты, деп жазады Alash.kz Ақорда бағдарламасына сілтеме жасап.
Министр Ресейдің бірқатар облыстарында қазақстандық стандартқа сай мектептердің ашылатынын хабарлады.
Орынбор, Омбы және Астрахань облыстарында жер учаскелері белгіленді. Ол жерде қазақстандық инновациялық форматта мектептер бой көтеретін болады. Білім беру бағдарламаларының барлығы Қазақстанның білім стандартына негізделуі эксперттік жұмыс тобында қарастырылуда. Ресей тарабы осындай инновациялық бағдарламаларды өздерінде жүзеге асыруға қызығушылық танытуда. Оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде, сонымен бірге интеграцияланған білім беру бағдарламалары және Ресей біздің ЖИ, цифрландыру, біздің балаларымыздың жаратылыстану, ғылыми бағыттағы пәндерді игеру мәселесі қызығушылық танытуда.