Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан қыздарын тұрмысқа беру туралы ойын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
"Бұйырған уақытында шығады. Жоғарыдан келген бұйрыққа қарсы шыға алмаймыз. Мен тұрмысқа шыққанда қандай көңіл-күйде боласың дегенде мен көз алдыма елестетіп, орнымнан тұрып кеттім. Сосын жылап жібердім. Тағы жылайын деп тұрмын. Біреудің қызы кеткенде байқамаймыз. Ал өзіңнің қызың кеткенің ойлағанда көзге еріксіз жас келеді. Оңай емес. Ана жүрегіне ауыр екен ондай нәрсе. Саналы түрде түсінеміз бірақ жүрек қимайды", – деді Мөлдір Мұқан.