Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Оқушысын өз пәтерінде күштеп ұстап, зорлаған»: Ақтөбелік мұғалімге сот үкімі шықты

18:04, 19 маусым 2026

Ақтөбеде кәмелетке толмаған жасөспірім қызды өз пәтерінде күштеп зорлаған педагог сот шешімімен 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот тергеуі барысында анықталғандай, айыпталушы бойжеткенді өзінің пәтеріне шақырған. Бастапқыда екі тарап өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскенімен, кейіннен ер адам қызды үйінен жібермей қойған. Ол жасөспірімнің қолынан қысып, күш қолдану арқылы жыныстық қатынасқа түскен.

Сот талқылауы кезінде мемлекеттік айыптаушы прокурор сотталушыны 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған болатын. Алайда, жәбірленушінің берген айғақтары мен жүргізілген арнайы сараптамалардың қорытындысы негізінде кінәсі толық дәлелденген қылмыскерге сот 15 жылға бас бостандығынан айыру үкімін кесті. Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес, сотталған азаматқа өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысуға және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге мүлдем тыйым салынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар