Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Оқиғаның мән-жайы анықталуда”. Ақтауда тұрғын үй маңында жас қыздың мәйіті табылды

13:51, 19 қазан 2025 236

Ақтауда 17-шағынаудандағы Green Plaza тұрғын үй кешені аумағында бір қыз 18-қабаттан құлап, көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Жұмыстан үйге қайтып келе жатып, аула арқылы полицей көліктерінің зырғып өткенін естідім. Не болғанын көруге бардым. Әуелде ештеңе түсінбедім, кейін полицей көлігінің ар жағына өткенімде, қыздың мәйітін көрдім. Ол кіреберіске бір метр жетпей құлаған", - деді оқиғаның куәгері.

Lada.kz мәлімдеуінше, қайғылы жағдай 18 қазанда таңертең болды. Сол күні кеште Маңғыстау облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі болған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиғаның өзге де мән-жайлы нақтыланып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар