Көкшетауда жеке үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген төрт жасар Алана есімді бала ашық тұрған құдыққа құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бүгін түстен кейін сәбидің жоғалғанын байқаған анасы дереу полицияға хабар берген. Сәбиді іздестіруге құқық қорғау органдары мен арнайы мамандар жұмылдырылып, іздеу жұмыстары бірнеше сағатқа созылды. Өкінішке қарай, кешкі сағат 20:00 шамасында бүлдіршіннің жансыз денесі ауладағы ашық құдықтың ішінен табылды.
Алдын ала болжам бойынша, бала байқаусызда құдыққа құлап кеткен. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы, сондай-ақ құдықтың не себепті ашық қалғаны және қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейі жан-жақты тексерілетін болады.