Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда бекітіледі

08:00, 25 сәуір 2022 233

Конституциялық кеңес президент Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасын қарау туралы үндеуін өндіріске қабылдады.

Президент Тоқаевтың үндеуін қарайтын Конституциялық Кеңес отырысына материалдарды дайындау жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда бекітіледі.

– Жұмыс тобы бұл мәртебені осы норманы нақтылайтын заңға емес, Конституцияның өзінде белгілеу керек деген қорытындыға келді. Яғни, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірәсулов.

Президенттің өкілеттігі қысқарады. Суперпрезиденттік басқару түрінен күшті парламенті бар президенттік республикаға көшеді деп жоспарлануда. Конституцияның 30-дан астам баптары мен 20 заңға өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

Президент Тоқаев бұл үдерісті «Екінші Республика» деп атады.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар