Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министр болған қатігез Бишімбаев енді қандай жұмыс жасамақ?

15:12, 18 шілде 2024 934

Жұбайын қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әлі де тергеу изоляторында. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

ҚАЖК басшысы Бишімбаевтың жақын арада Ақмола облысындағы Астана қаласына жақын орналасқан максималды қауіпсіздік мекемесіне жіберілетінін растады.

Сонымен қатар, Жанібеков сотталған экс-министрдің түрмеде қандай жұмыс атқаратыны туралы журналистердің сұрағына жауап берді:

«Өндірістік аймақтарда әртүрлі жұмыстар бар. РМК «Еңбек»-те ол ағаш және металл өңдеу бойынша жұмысқа орналасуы мүмкін. Барлығы вакансияның қайда болатынына байланысты. Әр мекемеде еңбекпен қамту бөлімі бар, ол осы мәселемен айналысады», — деді Теңізжан Жанібеков.

Қуандық Бишімбаев колонияда басқа сотталғандар сияқты 15 күн карантинде болады. Осыдан кейін онымен тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

«Біз оны зерттейміз. Карантиннен кейін тиісті отрядқа орналастырамыз, комиссиялық түрде қараймыз. Одан әрі оны тәрбие жұмыстары, еңбекпен қамту, психологтармен жұмыс күтіп тұр. Онымен басқа сотталғандар сияқты кешенді іс-шаралар жүргізіледі», — деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар