Өскемен қаласында педагогтарды қоғамдық іс-шараларға массовка ретінде пайдалану тәжірибесі өткір сынға ілікті, деп хабарлайды Alash.kz.
Қалалық мәслихат депутаты Руслан Исраилов мұғалімдерді жаңа жылдық шеру секілді мерекелерге күштеп қатыстыруды адам құқығын бұзу деп атап, бұл әрекетті дереу тоқтатуды талап етті.
Депутаттың айтуынша, ұстаздар сағаттап үшкір аязда тұруға мәжбүр. Олар үшін арнайы жылыну пункттері де, ыстық тамақ та қарастырылмаған. Исраилов мұндай жағдай педагогтардың қадірін түсіріп, еңбегін елемейтінін айтты.
Халық қалаулысының сыны жергілікті білім бөліміне де бағытталды. Ол мұғалімдерді ұйымдастырушы емес, білім беруге жауапты маман ретінде қарау қажет екенін еске салды.