Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Меруерт Өтекешова, Шавкат Рахмонов, Айгүл Елшібаева” - Бүгін кімдер марапатталдыі?

15:18, 24 қазан 2025 436

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік сыйлықтармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы: 

«ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр. 

Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері Зарина Алтынбаеваға, Әйгерім Алтынбекке, Нина Жмеренецкаяға, Бақыт Қажыбаевқа және тағы да басқаларға берілді. 
«Қазақстанның халық жазушысы» атағына ақын Марфуға Айтқожа, жазушы Ғаббас Қабышұлы, «Қазақстанның халық әртісі» атағына музыка, театр және кино өнерінің көрнекті қайраткерлері Болат Әбділманов, Меруерт Өтекешова, Арман Жайымов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова, Бауыржан Ибраев, Гүлжамал Қазақбаева, Рахилиям Машурова лайық деп танылды. 

Еліміздің рухани кемелденуіне және зияткерлік әлеуетінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін белгілі ғалымдарға, мәдениет қайраткерлеріне және өндіріс саласының өкілдеріне «Парасат» ордені берілді. Олардың қатарында ақын Ғалым Жайлыбай, Қазақ жыр мақамдарының зерттеушісі, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева және басқалары бар.

«Құрмет» орденімен марапатталғандардың қатарында Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай, актриса Гүлнар Дусматова басқалары бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар