Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мен де бақытты болуға лайықпын». Жұмабек Жанқұловқа тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан сұхбат берді

21:02, 01 наурыз 2025 1048

Танымал тележүргізуші сұхбат барысында жеке өмірі туралы ашылып айтып, бақытты болуға лайық екенін жасырмады, - деп хабарлайды Alash.KZ порталы Aikyn.kz порталына сілтеп.

«Бұл – менің өмірім және оны сүретін де мен, басқа пікір білдірушілер емес. Мен өзіме мүмкіндік беремін деп шештім. Иә, менің балаларым бар, оларды мен жақсы көремін, барымды беріп, ешкімнің аузына қаратпай өсірдім, бірақ әр адам бақытты болу үшін, махаббатты сезіну үшін дүниеге келеді, сондықтан өзімнің бақытымды да ойлауға бел будым», – деді тележүргізуші.

Тойға қатысты сұраққа Сәтжан ондай жастан өткенін, дүркіреген тойдың болмайтынын айтты.

«Әр қыз аппақ көйлек киіп, жарқырап тұрмысқа шығуды армандайды ғой. Менің де арманым сол болды, оның бәрін басымнан кешірдім. Дүркіреген той, керемет ақ көйлек, лимузин – бәрі болды. Қазір мен үшін маңыздысы – әдемі көрініс емес, менің ішкі сезімім. Бастысы, сүйген адамымның қасында болу», – деді Д.Сәтжан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар