Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мемлекеттен ақша бөлінбейді". Жайлымы құрттаған Кеген жұртын кім тыңдайды?

21:17, 19 сәуір 2024 739

Кеген құрттап кетті деген ақпарат кешелі бері желіні жарып жатыр. Нақтырақ айтқанда, Алматы облысы Кеген ауданының жайылым жерлеріне құрт қаптап кеткен. Елдегі егістікті кеміріп бара жатқан зиянкеске жергілікті халық не істерін білмей дал.

Құрт пайда болған алғашқы күндері жергілікті ауылдардың халқы зиянкесті өз күшімен улап көрген, бірақ одан ешқандай нәтиже болмаған. Енді жергілікті жұрт егін еге алмай отыр. Былтыр шегірткемен күрескен ауыл халқы биыл мына жәндікті құртуға биліктен көмек күтеді дейді Жас алаш.

Былтыр жайылымын шегіртке жеп кеткен соң шаруалар шөпті басқа жақтан сатып алған. Биыл да сол жағдай қайтала ма деген тұрғындар биліктен жәндікті жойып беруін де сұраған. Бірақ жайылымды, егістік алқабын отап бара жатқан құрт қауіпті зиянкестер тізіміне кірмейтін болғандықтан билік тарапынан бұл құртты жоюға ақша қарастырылмапты.

Енді тұрғындар құртты өз күшімен жою үшін түрлі айла-тәсілдерін қарастырып жатыр. Тіпті ауладағы бау-бақшадағы картоп кеміретін жәндікке себетін дәріне де сеуіп көрген. Бірақ одан да нәтиже болмаған. Бір қызығы, Қарабұлақ елдімекенінде зиянды жәндіктерге себетін бірде бір құрылғы жоқ. Ал тұрғындар өздерінде бар кішкентай механикалық құрылғымен 6 мың гектарға дәрі сеуіп шығу мүмкін емес дейді.

Қара құрт қайдан пайда болды?

Құрт қаптаған елдімекеннің бірі – Қарабұлақ округіне Ақай Нүсіпбеков және Қарабұлақ ауылы кіреді. Екі ауылдағы тұрғындар саны 3 мыңнан асады. Халық негізінен егістікпен айналысады, ірі қара мал ұстайды. Қазіргі күнде жердің бәрін жалмап бара жатқан қара құртқа қарсы тұрғындар дәрілер тізімін алып, өздері жоюға кіріскен.

Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Рүстем Әлімов айтуынша, Ақай Нүсіпбеков ауылының тұрғындары 9 сәуір күні алғаш құрттың пайда болғанын көріп, ауылға айтып келген. Бірақ ауыл тұрғындары оның жылда бар құрт деп басында мән бермеген. Бірақ 5 күн өткесін олар егіс даласына түсіп, құрттың қаптап кеткенін көрген.

“Мен ауылшаруашылығы басшылығына айттым, экологиядан мамандар келді. Үш күннен бері ауыл тұрғындары тынбай зиянкеспен күресіп жатыр. Трактормен дәрі шаштық. Жаңбыр кезінде құрттар жиналып алады екен. Күн жылыса шытыр арасына тарап кетеді. Жауапты мамандардың айтуынша, мына құрт аса зиянкестердің қатарына жатпағаннан кейін мемлекеттен ештеңе бөлінбейді. Бұл басында халықты ашындырғаны рас. Бірақ қазір облыс бұған назар аударды. Астанадан арнайы мамандар келе жатыр. Ертең келіп көріп, төтенше жағдай жариялаймыз дейді. Қазір ауыл тұрғындары егістік алқаптың басында”,- дейді жергілікті шенеунік.

Әкімнің айтуынша, Қарабұлақ округінде 2850 гектар егістік алқап бар. Оны қолда бар бір техникамен улап шығу мүмкін емес.

“Қазір “660 гектар жерде құрт бар” деген өсімдікті қорғау институтының мамандары қорытынды шығарып кетті. Бірақ аралап қарағанымызда мың гектардан артық алқапта құрт жатыр. Төтенше жағдай жарияланып облыстық әкімдік мың гектарға себілетін дәріні әперсе де соның өзі бізге үлкен көмек болайын деп тұр”, - дейді әкім.

құрт

Жергілікті жұрт зиянкеспен өздері күресіп жүр

Жергілікті тұрғындардың қорқынышы күн ысып кетсе, құрттар қоңызға айналып ұшады. Одан кейін жұмыртқалайтын болса, келер жылы мәселе бұдан да ушыға түседі. Құрт тек Қарабұлақ ауылдық округін ғана емес Жалағаш, Ұзынбұлақ, Сарытау ауылдық окруктерін де қаптаған. Жалаңаш аулының тұрғындары да қазір құртты өздері жою үшін жұмыс істеп жатыр.

Бұл құрт негізнен ауданда бұрыннан бар. Қазақша атауы “шытыр жегі құрты” деп аталады. Рапс тұқымдастығына жататын шөпті жейді. Торайғыр жазығында 137 шаруа қожалығы, ал әр шаруа қожалығында орташа есеппен 800 бас қой бар екен. Соның бәрі Жалаңаштың етегінде жайылады. Оның өзі жайылым болып есептеледі. Қазір құрт өрт жалмағандай шөпті отап бара жатыр. Жердің қара топырағы шығып қалған. 

"Облыстан экология саласының адамдарын шақырттық. Ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары келді. Бірақ билік “өздерің бірдеңе етіңдер” деді. Себебі бұл зиянкес жылда қаржы бөлініп жойылатын жәндіктер қатарына жатпайды екен. Бізде ауыл шаруашылығы артта қалып қалғаны соншалықты тыңайтқышты немесе зиянкестерді улауға арналған бірде бір құрылғы жоқ”, - дейді Жалаңаш аулының тұрғындары.

“Мемлекеттен ешқандай көмек болмағаннан кейін техникаларды жалға алу, оны жанармаймен қамтамасыз ету дегенің қаржы. Биліктің өзі қозғалғысы келмейді”, - деп ашынып отыр ауыл тұрғындары.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар