Атырауда 15 жастағы мектеп оқушысы із түссіз жоғалып кетті, деп жазады Alash.KZ.
Анасының айтуынша, қызының жоғалуына мектеп әкімшілігімен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Оның сөзіне қарағанда, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен келіспеушілік туындап, сынып ішінде оқушылардан түсініктеме жазу талап еткен.
Жоғалған қыздың анасы бұл жағдайға байланысты e-Otinish қосымшасы арқылы шағым түсірген екен.
Содан 19 ақпан күні қыздың анасына мектеп біреулер телефон шалған, жұмыс уақытында болғандықтан ол телефонды ала алмапты. Бір күннен кейін қыздың анасы мектепке барады, оған оқушылардың түсініктемелері көрсетіледі. қыздың құжатын алып кету туралы айтады.
Сол күні қыз үйге келеді де, қайтадан шығып кетіп, қайтып оралмапты.
Бұл жағдайға байланысты ата аналар мектеп басшылығының жұмысын тексеруді талап етіп, ұжымдық өтініш жолдаған. Ал қыздан бір аптадан бері хабар жоқ.