Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәсімовтың үйінен қанша көлік, қандай бағалы заттар тәркіленді?

09:57, 10 наурыз 2022 344
ҰҚК ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сай, Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған. Отандық бизнес қауымдастықтары мен шетелдіктерден жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде құнды бұйымдар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу деректері бар.

Атап айтқанда, Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымында жабық келісім-шарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен 2 миллион АҚШ доллары көлемінде пара алу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Осы қаражат Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылды.

Сонымен қатар, Мәсімов премьер-министр лауазымында болған кезде бизнесмендердің бірінен астанада құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу дерегі бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр.

2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар — элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқа да бұйымдар табылған.

Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автокөлік тәркіленген.

Сондай-ақ, оның Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтеріне, Алматыдағы 2 пәтер мен зәулім сарайына, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағындағы көлдің жағасындағы аумағы 1 гектар жер теліміне шектеу салынды.

Мәсімовке жақын адамдардан 5,1 миллион АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды. Сонымен бірге Мәсімов пен оның айналасындағылар шет ел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Барлық көрсетілген дерекке қатысты тергеу шаралары жалғастырылып жатыр.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар