Экс-премьер, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы, отанына опасыздық жасады деген айыппен қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің сағаты арзан тұрмайтын болып шықты.
Сағаттың құны — 7 миллион 669 мың теңге, деп хабарлайды alash.kz сайты exk.kz-ке сілтеме жасап.
ҰҚК ресми сайтында Кәрім Мәсімовтен табылған дүниелердің суреттері жарияланған болатын. Миллиондаған доллар ақша, бағалы заттар мен көліктерден бөлек, оның сағаты да тәркіленді. Экспресс К қамауда отырған шенеуніктің сағаты қанша тұратынын зерттеп көріпті.
Мәселен chrono24.com сайтында Кәрімовтің сағатына ұқсас Omega-ның бағасы 1 446 974 рубльге бағаланған. Бұл теңгеге шаққанда 7 жарым миллионнан асады.