Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәсімовтың «оң қолы» атанған адам халықты алдап алаяқтық жасаған (ФОТО)

12:27, 11 сәуір 2024 771

Әлеуметтік желіде Алексей Пучков есімді азамат Кәрім Мәсімовтың "оң қолы" атанған адамның халықты алдап жүргенін баяндады. Бұл туралы Alash.kz порталы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде Алексей Пучков билет сататын Topbilet сайтының негізін қалаушы әрі директоры екенін, сонымен қатар, «Eurostar entertainment» атты халықаралық концерт агенттігінің де директоры екенін көрсеткен. Ал Facebook парақшасындағы жазбасында алданған адамдарды іздеген.

"Достар, кеше Instagram-да жазба жарияладым, біз Калелхан Иманмәдидің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды іздедік.

Ол - Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі әрі әнші Индира Елеместің күйеуі. Бірнеше адам жауап қатты, бірақ әлі де мұндай оқиғалар барын білемін.

Сіз немесе сіздің таныстарыңыз осы адамнан зардап шеккен болса, жеке хабарлама жазыңыз. Менің алдыңғы жазбамнан кейін Калелхан оны өшіріп тастауды өтінді, ол алдау арқылы алған ақшасын қайтаруға уәде берді. Алайда мұның бәрі тек бос сөз болды", - деді ол.

Әнші желідегі осы ақпаратқа пікір білдірген.

"Қалелхан Иманмәди күйеуім екені рас. Бірақ бұл іс туралы ештеңе білмеймін. Тіпті, осы мәселе бойынша күйеуіме хабарласып, істің мән-жайын сұраған да жоқпын. Өйткені олар – ересек адамдар. Жолдасым екеуіміз бір-біріміздің тірліктерімізге араласпаймыз.

Алексейден ақша алды дегеннің өзінде мен қасында болған жоқпын. Ол ақшаны көріп, қолмен ұстаған емеспін. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Осы жағдайға мені араластырғаны үшін ренжіп қалғаным рас. Мені жеке парақшасында белгілепті. Тіпті шок алып отырмын.

Өйткені өнер жолында жүріп, танымал болғалы осындай мәселемен бірінші рет бетпе-бет келіп тұрмын. Осы тұрғыда заңды қолдаймын. Заң қалай шешеді, менің де позициям сол жақта болады. Кім кінәлі болса да, тиісті жазасын алуы керек", – деді Индира Елемес stan.kz-ке берген сұхбатында.

Әзірге нақты қандай оқиға болғаны белгісіз. Сонымен қатар, құзырлы органдар да бұл жайтқа қатысты әлі пікір білдірмеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар