Депутат Ардақ Назаровтың айтуынша, жанұяның бұзылуына да арақ кінәлі. Тіпті жол апаты мен адамдардың өлімі де осы арақтың кесірінен болып жатыр.
Бұған дейін, депутат Николай Арсютин мас күйде көлік жүргізгендердің жазасын жеңілдету туралы ұсыныс білдірген еді. Айтуынша, жазаның қатаң болуы жемқорлық қаупін күшейтеді.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты жазаны жеңілдетуге үзілді-кесілді қарсы болған. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жыл басынан бері ведомствоға 7,5 мыңға жуық жазаны жеңілдету туралы өтініш келіп түскен. Алайда министрлік бұл ұсыныстарды қолдаудан бас тартып отыр.
Еске салайық,Қазақстанда мас күйде көлік айдағандардың жазасын жеңілдету ұсынылған болатын.
- Жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру - әлемдегі ең қатаң жазалардың бірі. Бұл жаза құқық бұзушылықтың ауырлығын ескермейді (мысалы, жол-көлік оқиғасының болмауы немесе қандағы алкогольдің төмен деңгейі).
- Заң бұзушылықтың дәрежесі ескермейтін жүйе. Әкімшілік соттар 608-бап бойынша істерді көбіне формалды түрде қарайды. Негізгі дәлел - медициналық қорытынды ғана.
- Кәсіби жүргізушілер үшін ауыр соққы. Бульдозеристер, кран жүргізушілер, такси жүргізушілері мен курьерлер - көлік жүргізу арқылы күнкөрісін тауып отырған азаматтар табыс көзінен айрылып, отбасылары қаржылық қиындыққа тап болуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 500 мыңға жуық адам такси және жеткізу қызметтерінде жұмыс істейді.
- Жазаның шамадан тыс қаталдығы жемқорлық тәуекелдерін тудырады.Жүргізушілер тарапынан полиция қызметкерлерінің теріс әрекеттеріне қатысты шағымдар жиі түсуде.
- Масаңдық деңгейін анықтау әдістеріне сенімсіздік. Алкоголь мен есірткі заттарын анықтау тестілерінде қателіктер кетуі мүмкін.
- Германия: 0,5 промиллеге дейін - айыппұл, 0,5-1,1‰ - айыппұл және уақытша құқықтан айыру, 1,1‰-ден жоғары - қылмыстық жауапкершілік.
- Франция: 0,5‰ асса - 3 жылға дейін уақытша құқықтан айыру (ЖКО болса немесе тесттен бас тартса - жаза күшейеді).
- АҚШ: Жазалар аймаққа байланысты, бірақ құқықтан айыру мерзімі сирек 3-5 жылдан асады.
- Ресей: Алғашқы бұзушылық үшін 1,5-2 жылға құқықтан айыру.
- Ішкі істер министрлігі қазіргі қолданыстағы 15 тәулікке қамау және 7 жылға құқықтан айыру шараларын сақтау қажеттілігі бойынша аргументті талдау ұсынсын.
- Алкоголь және есірткі заттарын анықтау бойынша бірізді ережелер әзірлесін. Талдауды өткізетін зертхананы таңдау құқығы мен қайта тексеру мүмкіндігі қарастырылсын.
- Жол ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған тиімді профилактикалық шараларды ұсынсын.