Талғар қаласында ер адам мас күйінде ас үйдегі тамақ дайындап жатқан 15 жастағы қызын пышақтап өлтірді. Белгілі болғандай, әкесі жасөспірімді 16 рет пышақтап жаралаған, деп хабарлайды Alash.kz.
Қызбен әкесінің қарым-қатынасы бұрыннан шиеленісті болған. Карантин кезінен бері, тұтас 5 жыл бойы жұмыссыз жүрген, ал әйелі бүкіл отбасыны асырап, жалғыз өзі жұмыс істеп келген.
Қызы әкесінің ішімдік ішіп, өзіне және анасына тыныштық бермегені үшін бірнеше рет полиция да шақырған.
Тергеу барысында ол: «Қызым мені «алқаш» деді, ашу үстінде көзім қарауытып, қалай пышақ салғанымды өзім де түсінбей қалдым», – деп жауап берген.
Сондай-ақ, ол әйелінің атына несие рәсімдеп, отбасының трагедия болған пәтерде өмір сүруге мәжбүр еткен.
Тергеушілер оқиғаны 99-бап бойынша қылмыстық іс ретінде қарастырып жатыр. Оқиға орнын тексеру жылдам жүргізіліп, күдікті ұсталған. Қылмысқа қолданылған пышақ тәркіленген. Күдікті қазір қамауда, ал сараптама толық аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберілмек. Қосымша сот-психиатриялық сараптама тағайындалған. Тергеу арнайы ауыр категория бойынша жүргізілуде.
Полиция өкілдері барлық деректерді алдын ала тергеу қорытындылары жарияланбағанын хабарлады.