Маңғыстау билігі өзін-өзі өртеген ер адамның өлімі туралы ақпаратты жасырды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Дәрігерлер 5 желтоқсанда әкімдік ғимаратының алдында өзін-өзі өртеген Маңғыстау тұрғынының өмірі үшін шамамен екі апта бойы күресті.
Өкінішке қарай, ер адам есін жимастан реанимацияда көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінің 90%-ын күйік шалған.
Бұған дейін ер адамның әкіммен кездесуді талап еткені хабарланған еді. Алайда аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай оған кездесуден бас тартқан. Бұған жауап ретінде ол өзіне керосин құйып, өртеп жіберген. Кейін дәрігерлер оның жағдайының аса ауыр екенін мәлімдеген болатын.