Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мәйітханада көргенімде денесінің сау-тамтығы жоқ болды». Куәгерлер Айзат Жұманованың өліміне қатысты шындықты айтты

11:54, 19 желтоқсан 2025

Жетісу облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық сотта Ақсу ауданы Баласаз ауылында қайтыс болған 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысы жалғасуып жатыр. 22 маусымда көз жұмған әйелді күйеуі Айбар Жанболат 2 жасар қызының көзінше ұрып-соққан, деп хабарлайды Alash.kz.

Алғашқы тергеу кезінде іс ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша қозғалған болса, кейін ол ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қайта қаралды. Прокурордың айтуынша, Айбар Жанболат қылмысты орташа дәрежедегі масаң күйде, қызғаныштан жасаған. Күйеуі жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетпей, жедел жәрдем шақырмаған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Айзат Жұманованың өлімі миының ісінуі мен домбығуы салдарынан, миға қан құйылуынан болған. Жәбірленушінің денесінде сыртқы әсерден туған басқа да белгілер анықталмаған.

Марқұмның туыстары, оның ішінде анасы Салтанат Жұманова, Айбар Жанболат бұрын да әйеліне қол көтергенін айтып, осы қылмысқа қатысты куәгерлердің жауаптарын сотта жеткізді.

«Мәйітханада бет-аузының көкпеңбек екенін көрдім. Аяқ-қолының сырылғанын көрдім. Саусағы, башпайы, қолының білегіне дейін сырылған… Денесінде сау-тамтық жоқ», – деді ол. 

«Қолы байланған деп есептеймін. Білезігі домаланып, жіппен байлағандай болып тұрды», – деді ол. 

 Қазіргі уақытта сот алдағы отырыстарда тағы да 10-нан астам куәгерді тыңдайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар