Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күдебаевтан күдер үзіңдер!

10:14, 03 сәуір 2023 288
Қаңтар оқиғасына қатысты тергеліп жатқан Серік Күдебаев шетелге қашып кетті. Жетісу облыстық сотында Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың шетелге қашып кетуіне қатысты кейбір мәліметтер айтылды, - деп хабарлайды сайтымыздың тілшісі.

Сот мәліметінше, Серік Күдебаев үкім жарияланғанға дейін соңғы сөзін айтуы тиіс сот отырысына сырқатына байланысты келмеген. Адвокаттар оның ауруханаға түскені туралы анықтама берген. Нәтижесінде тыңдаулар кейінге шегерілген. Ал бұл кезде Күдебаев үйқамақта болған.
"Сот 2023 жылғы 30 наурызда С.Құдебаевты 3 сәуірге сағат 10:00-ге жеткізу туралы қаулы шығарды. Бұйрықты орындау кезінде прокурор С.Құдебаевтың елден кеткені туралы мәлімдеді. Прокурордың өтініші негізінде судья сотталушы С.Құдебаевты халықаралық іздестіруге жариялау және бұлтартпау шарасын "қамауда ұстауға" өзгерту туралы қаулы шығарды, - делінген хабарламада.


Сот 23 наурызда Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан кейін Түркияға жол тартқанын мәлімдеді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар