Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көшеде шалбарын шешіп балаларға тиіскісі келген зейнеткер 8 жылға сотталды

08:55, 02 мамыр 2024 415

13 жастағы балалардың көзінше шалбарып шешіп, қуа жөнелген зейнеткерге 8 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы берілді. Бұл туралы СҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комитеті баяндады.

"Прокурор азғынды тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, оны ақтауды сұрады. Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі “Балаларды азғындық жолға түсіру” бойынша бұл үшін жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ол бұл қылығын мас күйінде жүзеге асырған. Со зейнеткерлік жасын жазаны жеңілдететін фактор ретінде қарастырды.

"Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарды. Қаскөй педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп жазды басылым.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар