Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 100 келілік зілтемір көтеріп алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
QAZSPORTTV мәліметінше, сондай-ақ үш мүмкіндік қорытындысы бойынша 297 ұпай жинап, жалпы есепте де үздік атанды. Түркиялық Рейхан Полат 272 келімен екінші орын алса, ресейлік Татьяна Жаворонкова (273 кг) үздік үштікке енді.
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 23 спортшы қорғап жатыр. Жарыс 2 желтоқсанға дейін жалғасады. Алда жекелей, жұптық және аралас командалық сайыстар бар.