Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Вице-Президент: Мемлекеттік биліктің барлық дерлік негізгі институттары жаңаруда

Вице-Президент: Мемлекеттік биліктің барлық дерлік негізгі институттары жаңаруда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары мемлекеттің заманауи институционалдық моделін қалыптастыруға бағытталған. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz.

Вице-Президент мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беріп,  мемлекеттік биліктің негізгі институттарындағы өзгерістерге тоқталды.

Оның айтуынша, мәслихат депутаттарының сайлауы елдегі саяси жаңғыру үдерісінде маңызды рөл атқарады. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары мемлекеттің заманауи институционалдық моделін қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте бүгінгі мәслихат сайлауының маңызы айрықша. Өйткені, мемлекеттік биліктің барлық дерлік негізгі институттары жаңаруда. Мәслихат депутаттарының сайлау науқаны қоғамдық үдерістерге қосымша серпін беріп, жергілікті өкілді органдардың жаңаруына жол ашады», – деп жазды Ерлан Қарин.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар