Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көптен күткен… Дайынсыздар ма?": Кәмшат Жолдыбаева сүйінші жаңалығын бөлісті

17:43, 07 қыркүйек 2026

Көптен бері көрінбей кеткен әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі «Хабар» арнасының «Ақ жеңге» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдайды. Ол Жібек есімді кейіпкердің образын экранда бейнелейді.

«Көптен күткен анонсты көруге дайынсыздар ма? Міне!» – деп жазды актриса.

«Хабар» арнаның мәліметінше, жаңа маусымда көрерменді тың жобалар күтіп тұр.

«Хабар» арнасының жаңа маусымында көрерменді түрлі қызық күтеді!

Осы күзде «Хабар» арнасы үш жаңа телехикаяның тұсауын кеседі. Көрермен көзайымына айналған сүйікті жобалар экранға қайта оралады.

«Хабар» арнасы әлеуметтік-қоғамдық, құқықтық және мәдени жобаларды ұсынады. Сонымен қатар тарихи-танымдық деректі фильмдердің жаңа топтамасы көрсетіледі.

Тосынсыйлар әлі алда! Жаңа маусымда «Хабар» арнасында жүздескенше, - деп жазды арна.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар