Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жыл сайын осы мәселемен бетпе-бет келеміз". Джеки Чаннан ауызсу мәселесін шешіп берші деп өтінген ақтаулықтарға қатысты дерек шықты

19:09, 16 шілде 2026

Ақтау тұрғындары Джеки Чаннан ауызсу мәселесіне назар аударуды сұрады, деп жазды  Alash.kz.

Әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Қазақстанға сапары әлеуметтік желіде ерекше бастамаға ұласты. Ақтау тұрғындары актердің әлеуметтік желідегі парақшаларына жаппай пікір қалдырып, қаладағы ауызсу мәселесіне назар аударуды сұрап жатыр, деп хабарлайды Democrat.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі тіпті видеоүндеу жариялап, актерге тікелей өтініш білдірген.

«Құрметті Джеки Чан, Ақтауға қош келдіңіз! Бұл – Қазақстан. Бізде ауызсу жоқ. Билік бірнеше рет жергілікті халықты ауызсумен қамтамасыз етуді тоқтатты. Өтінемін, үйіме келіңіз», – дейді тұрғын.

Instagram желісінде де ақтаулықтар актердің жарияланымдарының астына өңірдегі ауызсу мәселесін шешуге ықпал етуді сұраған пікірлер қалдыруда.

«Ақтау қаласын ауызсумен қамтамасыз етуге көмектесіңізші. Жыл сайын бір мәселемен бетпе-бет келеміз – үйлерімізде ауызсу болмайды. Бұдан әбден шаршадық», – деп жазған желі қолданушылары.

Осылайша, тұрғындар әлемдік жұлдыздың назарын өңірдегі көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселеге аударуға тырысқан.

Ал Маңғыстау облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасы басшысының орынбасары Ануар Төлеқов өңірде ауызсу тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі мәселе – тозығы жеткен су құбырларының өткізу қабілетінің төмендеуінде. Шенеуніктің сөзінше, су желілерін толық жаңғыртуға шамамен үш жыл қажет.

Әзірге Джеки Чан Ақтау тұрғындарының өтініштеріне қатысты ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар