Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүргізуші көліктен 10 метр арыға ұшып кетті». Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды

10:11, 07 ақпан 2025 314

Оқиға Шымкентте болды, 6 ақпан күні сағат 11:30 шамасында Қалдаяқов көшесінде тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz Otyrar-ға сілтеме жасап.

Mercedes-Benz жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен жарық бағанына соғылған.

Соққының қатты болғаны соншалық, жас жігіт көліктен 10 метрге ұшып кеткен. Ол ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көлікте болған жолаушы да зардап шегіп, оған медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнында төтенше қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Полиция жол апатының мән-жайын анықтауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар