Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың анасына «Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жаңа үйдің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Олимпиаданың күміс жүлдегерінің анасы Күлипа Бижановаға «Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Жаркент қаласындағы жаңа үйдің кілтін табыс етті.
Сонымен қатар Демеу Жадыраев «Жетісу облысының құрметті азаматы» атанды. Сондай-ақ алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков пен жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа қаржылай сыйақы берілді.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасына Алматы облысы атынан қатысты. Сондықтан оған негізгі сый Алматы облысынан жасалады.
Демеудің әкесі 2001 жылы өмірден өткен.